Жоғары жылдамдықты саяхаттың болашағы қандай?
Жоғары жылдамдықты саяхаттың болашағы қандай?

«Дыбыстан жылдам ұшақ» атанып кеткен Конкорд 2003 жылы зейнетке шыққан соң, жоғары жылдамдықты туризм кері кете бастағандай болып көрінді. Жоғары жылдамдықты жолаушылар тасымалдайтын әуе лайнері көп шығынды қажет ете бастағандықтан, осындай шешім қабылданды. Сондай-ақ, Skype барда, бірнеше кездесу үшін алысқа ұшып барудың қажеттілігі де төмендей бастағандай болды. Дегенмен, сол кезден бастап инженерлер жол жүруге кететін уақытты қысқартудың амалын табу жұмыстарына мықтап кірісті, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС Earth басылымына сілтеме жасап. 

Илон Маск ұсынған Hyperloop ақиқат па, елес пе?

Соңғы кездері Лондоннан Шотландияға 45 минутта жетуге мүмкіндік беретін Hyperloop пойыздары туралы жиі айтылып жүр.

Hyperloop – көлік құралы өте жоғары жылдамдықпен өтетін герметикалық труба. Аэродинамикалық қарсылық қозғалыс жылдамдығын төмендетеді. Сол себепті, жоғары жылдамдыққа қол жеткізу үшін кеңістікте ауа көлемі аз болуы керек. Яғни, Hyperloop трубалары осы жүйеге негізделген. Соңғы бірнеше жылда бұл жобамен Илон Маск басқаратын Tesla мен SpaceX инженерлері жұмыс істеп келеді.

Бұл көп үміт күтерлік жобаға айналды. Дегенмен, Манчестер университетінің Механика, аэрокосмос және азаматтық құрылыс мектебінің ұстазы Марк Куинн бұл жобаға оң қабақ танытпайтынын айтты.

«Осы күнге дейін бұл салада көп жұмыс атқарылды. Бірақ, инфрақұрылмы оған ешқашан мүмкіндік берген емес. Жобаның масштабын кеңейту үшін сізде ұзын трубадағы қысымды барынша төмендете алатын мүмкіндік болуы керек. Ал оған қол жеткізу үшін көп энергия қажет», дейді ол.

Бұл жобадағы тағы бір проблема – орналасатын жер. Егер өңір геологиялық тұрғыда белсенді болса, кез келген қозғалыс тектоникалық жағдайға проблемалар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, жылдамдық артқан сайын автокөлік ағыны қысымды арттырып, шулы дыбыстарға, тіпті, вибрацияға, сонымен қатар басқару қиындықтарына алып келуі мүмін.

«Илон Маск бұл проблеманы Hyperloop алдындағы үлкен компрессор арқылы шешпек. Ол ауаны алдыңғы жақтан алып, қайта жібереді. Бірақ, сіз реактивті қозғалтқышқа тәуелді боласыз», дейді Куинн.

Бүгіні таңда бұл проблемалардың нақты шешімі жоқ және болашақта оның табылу-табылмау мүмкіндігі де белгісіз.

Дыбыстан да жылдам ұшақ

Жоғары жылдамдықты саяхаттың тағы бір мүмкіндігі – жоғары жылдамдықты ұшақ. Boom Supersonic компаниясы Ричард Брэнсонның қолдауымен бұл жобаны қолға алмақ. Конкорд заманынан бері технологиялар өзгерді. Ал ұшақтарда төрт қозғалтқыштың орнына үшеудің қолданылуы жанармайға кететін шығынды азайта алады.

Жоғары жылдамдықты ұшақ проблемаларының бірі – қатты шу. Бүгінгі таңда NASA QUESST (QUIET SuperSonic Technology) жобасы арқылы бұл проблеманы шешудің жолдарын қарастырып жатыр.

NASA инженерлері дыбыссыз әрі өте жылдам жолаушылар ұшағын құрастыруға тырысуда. «Құрастыру және тестілеуден өткізу – көпшілік қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашудың жолы», дейді NASA-ың аэронавтика зерттеулері әкімшілігінің маманы Джейвон Шин.

2018жылдың сәуір айында Lockheed Martin, Aeronautics компаниялары экспериментті X-Plane ұшақтарын құрастыру және жобалау келісімшартын алды.

Жоғары жылдамдықты саяхат

Дыбыс жылдамдығынан бес есе көп (Маха 5) болатын гипержылдам саяхат – бүгінгі таңда көп зерттеліп жатқан салалардың бірі. Негізінен, бұл зерттеу басында тек ракеталық өндірісте көп кездесетін еді. Бүгінде Германияның инженерлері SpaceLiner концепциясымен жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, жолаушылар ұшағының бұл жобасы лайықты қаржылық қолдау таба алмай отыр. Ал табылған күннің өзінде, жобаның жүзеге асырылуы үшін ондаған жылдар қажет болатыны сөзсіз.

Жоғарыдағы факторлардың барлығын ескерсек, жоғары жылдамдықты саяхаттың ауылы әлі алыс сияқты. Дегенмен, scramjet және ramjet технологиялары жоғары жылдамдықты саяхаттың болашағына айнала алады.

Бұл радар ауаны жоғары жылдамдық кезінде температураны арттыратын компрессорсыз қысып, алға жылжуға мүмкіндік береді.

«Теориялық тұрғыда бұл керемет естіледі. Бірақ, жылдамырақ қозғалған сайын толқындар жылуды көптеп бөле бастайды. Бұл біршама қиындықтар туғызуы мүмкін», дейді Куинн.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
25 күн бұрын 408
0 пікір
Блог туралы