Ірімшік жүрек ауруларының алдын алады
Ірімшік жүрек ауруларының алдын алады

Қытайдағы Сучжоу университетінің ғалымдары күнделікті ірімшік жеу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тһе Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Зерттеу барысында ғалымдар «франциялық парадоксты» түсіндіруге тырысты. Майлы әрі құрамында холестерині көп тағамдарды тұтынатын франциялықтар жүрек-қан тамырлары ауруларына сирек шалдығады. Бірақ ірімшіктің құрамында жүректің жұмысына кері әсерін тигізетін майлы қышқылдар өте көп.

Ғалымдар белгілі бір ауру түрлеріне тағайындалатын диеталар туралы 15 ғылыми жұмысқа метаанализ жасаған. Нәтижесінде күнделікті 40 грамм ірімшік жеу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуын 14 пайызға, ал жүрек талмасының болуын 10 пайызға дейін азайтуға болатынын анықтаған.

Мамандардың пікірінше, ірімшік «жақсы» холестериннің мөлшерін көбейтіп, «зияндысының» мөлшерін азайтады. Мұнымен қатар, аталған өнімнің құрамында артерияны ластанудан қорғайтын заттар бар.

Холестерин  қанда липротеин түрінде сақталатын майлы спирт. Тығыздығы төмен липротеиндер майда тамырларды бітеуі мүмкін. Әдетте осының салдарынан жүрек-қан тамырлары ауруы пайда болады.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
6 ай бұрын 698
0 пікір
Блог туралы