Газдалған зам-зам суын ішіп көрдіңіз бе
Газдалған зам-зам суын ішіп көрдіңіз бе

Ресей аумағында май мен ірімшік, кәмпит және сусын түрлерін өндірумен айналысатын "Береке" ("Баракат") компаниясы газдалған зам-зам суын саудаға шығаратын болды. Бастапқыда тұтынушылардың қасиетті суды нарыққа шығару турасында ұсыныс білдіргенін жеткізді аталмыш компания директоры. Алайда, оны Араб түбегінен тасымалдаудың шығыны мол болатынын ескерген компания жетекшілері ислам ғалымдарымен ақылдасып, бұл мәселенің шешімін тапқандай болады. Зам-зам суын артезиен суымен араластырса, кәдімгі су зам-зам суының құрылымына ие болып өзгереді екен. Аталмыш компания басшыларының бұл сөзі қаншалықты шындыққа сай келеді, ол жағына жауап бере алмаймыз. Егер рас болса, онда бұл келешегі зор бизнес-жоба болғалы тұр. Аталған компания түскен табыстың бір бөлігін балалар үйіне, зағиптер үйіне, тағы басқа мұқтаж жандардың қажетіне жұмсайды. 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
6 күн бұрын 227
0 пікір
Блог туралы