Елiмiзде жыл сайын қанша мың адам қан тапсырады
Елiмiзде жыл сайын қанша мың адам қан тапсырады

Қазақстанда жыл сайын шамамен 185 мың адам қан тапсырады. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығы директорының орынбасары Шайжамал Мұсабекова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 

«Елiмiзде жыл сайын 185 мыңға жуық адам қан доноры болады. Олар шамамен 240 мың рет қан тапсырады. Астанада жылына 35-40 мың рет донация жасалады. Жалпы, 80 мың реципиент жыл сайын 336 мың рет қан құйғызса, Астанада 74 мың трансфузия жасалады», - дедi Шайжамал Мұсабекова.

Маманның айтуынша, осынша донор саны мен донация мөлшерi клиникалардың сұранысын қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi. Мұсабекова елордадағы Трансфузиология орталығы 23 клиниканы күнделiктi, тәулiк бойы қан компоненттерiмен қамтамасыз етiп тұратынын айтты. Осындай жұмыс жүйесi Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де ретке келтiрiлген.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
3 ай бұрын 312
0 пікір
Блог туралы